Текст песни Maya Ismailova — Sultan Baybars
Бейбарыс Баба
Бауыр бассаң да тағыңа тіптен,
Сегіз ғасырдай сағына күткен,
Бейбарыс бабам, қазақ халқының
Жамбозы едің бағына біткен.
Шапқныға түсіп, адасып елден,
Құлдыққа өтіп, астың ба белден?
Дүниеде жалғыз өзіңсің, бабам,
Кісенмен кетіп, көсем боп келген.
Даңқыңды шырқап асырдың, көкем,
Біртуар ұлы — ғасырдың бекем.
Мөлт ете түскен сағыныш жасын,
Ұлыңнан қалай жасырдың екен?
Жарыңнан талай жасырдың екен?