Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға
Наурыз айы туғанда
Наурыз, наурыз, күн игі!
Күні игі жердің — түрі игі
Бауыры жылып науат-қар
Бабымен ғана жібиді
Шашылып ырыс шанақтан
Шақырып бір үй бір үйді
Шаттанушы еді бір игі
Осынау игі кең жерге
Наурыз айы келгенде
Наурыз тойын бергенде
Көрмегендер де — арманда
Арманда — оны көрген де
Келіп ем өмір — орманға
Наурыз айы келгенде